15.01.2025 жылы, Астана қаласы «111» жүиелі байланыс орталығы арқылы, ҚР ІІМ ҚАЖК-нің Түркістан және Шымкент қаласы бойынша департаментіне қарасты түзету мекемесінде (әрі қарай – түзету мекеме) қамауда отырған А. есімді азаматтың мүддесі үшін П. есімді азаматшадан Шымкент қаласы бойынша өкілге (әрі қарай – өкіл) жедел арыз хабары түсті.
Арызданушы өз шағымында, туыс іні бауыры түзету мекемеде қамауда отырғанын, оның денсаулығы жоқ екенін, бірінші типті инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратындығын, жақында ашық туберкулез науқаспен ауратындығы анықталғанын, қантырылыс (сатурациясы) қатты төмендеп кеткенін, осының салдарынан өміріне қауіп төніп тұрғанын, алайда медициналық мекемеде тиісті ем қабылдай ала алмай келетіндігін жеткізді.
Осыған байланысты, Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансер ауруханасына жедел түрде жатқызып, толық медициналық қызмет көрсетуін сұранған.
15.01.2025жылы, сол күні арызданушының жедел арыз хабарын алған мезетте түзету мекеме және медициналық ұйымның басшылығымен өкіл тікелей байланысқа шығып, қамаудағы отырған А. есімді азаматты жедел жәрдем бригадасымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» МКК-ның қабылдауы бөліміне жеткізіп, кезекші фтизиатр және реаниматолог мамандар кеңесінен кейін, туберкулездің тұрақты түріне арналған бөлімшесіне стационарлық бөліміне жатқызылды. Қәзіргі таңда ол емін қабылдауда, дәрігерлердің бақылауында.
Жоғарыдағының негізінде, Өкілдің және мемлекеттік органдардың өз-ара іс-қимылдардың нәтижесінде азаматтың медициналық қызмет көрсету құқықтары қалпына келтірілді, арыз шағым қанағаттандырылды.