Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Еркіндік рухы» жобасы аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында жастармен кездесті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Еркіндік рухы» жобасы аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында жастармен кездесті.

2026жыл 14мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Еркіндік рухы» жобасы аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында жастармен кездесті.

Кездесу барысында «Конституциялық өзгерістер: тұрақты даму және құқық үстемдігі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасалып, еліміздегі құқықтық реформалар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшы орынбасарының м.у.а. «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбай, М.Әуезов атындағы университеттің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Ж. Сарсенбеков және Шымкент қаласының заң палатасының мүшесі Г. Абдурахманова қатысып, өз баяндамаларын оқыды.

Кездесу еркін форматта өтіп, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Ашық диалог алаңына айналған жиында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ой-пікір алмасу маңызды орын алды.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына серпін береді.