
04.2026 күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Заң және тәртіп» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына арнайы барып, оқушылармен маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында:
«Мектепке бейімделе алмау – құқық бұзушылықтың бастауы»
«Еркіндік рухы және адал азамат»
тақырыптары кеңінен талқыланды.
Оқушылар құқықтары мен міндеттері туралы тың мәліметтер алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Қоғамдағы тәртіп пен заңның маңыздылығы, жеке жауапкершілік пен адалдық құндылықтары ерекше атап өтілді.
Еркін пікір алмасу форматында өткен бұл кездесу жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға, өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Мұндай кездесулер жастардың бойында әділдік, парасаттылық және азаматтық белсенділік қасиеттерін нығайтуға бағытталған.
Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!