
2026 жылы 14 сәуірде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасында (әрі қарай-Басқарма) «Бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар тақырыбындағы дөңгелек үстел» аясында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезовтың қатысуымен маңызды дүңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер кеңінен талқыланды:
ҚР ІІМ ҚАЖК Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінің (әрі қарай-Департамент) түзету мекемелерінде жазасын өтеуші шетелдік сотталғандарға уақытша ЖСН беру мәселелері;
Сотталған науқас азаматтарды ауырған жағдайда, оларды бекітілген емханаға уақытылы жеткізу мүмкіндіктері;
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қызмет сапасын арттыру.
Кездесуге №2 Департамент бастығының орынбасары Е.Мухитдин, Басқарма басшысының орынбасары И.Глазебная, ШЖҚ «№2 Шымкент қалалық аурухананың» бас дәрігері Б.Туркулов, сондай-ақ, ҚАЖК-нің №53, №54, №56, №69, №78 мекемелерінің бастықтары, осы аталған түзету мекемелердегі медициналық бөлімшелердің басшылары және түзету мекемелерге бекітілген №1, №2, №7, ЖШС «Чапаевка» ӨК, №11 емханалардың меңгерушілері қатысты.
Кездесу барысында, Басқарма басшысының орынбасары И.Глазебная, №2 ауруханаға қарасты емхананың бөлім меңгерушісі С.Айтжанов күн тәртібіне сәйкес баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстел барысында, қатысушылар арасында пікір талас білдіріп, әр қайсысы өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында нақты ұсыныстар мен шешімдер қарастырылды.