
04.2026 жылы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы Әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.
Күн тәртібінде қарастырылған тақырыптар:
“Орта білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасын ұйымдастырудың өзекті мәселелері туралы” және
“Денсаулық сақтау қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы”
Баяндаған: Қ. Қадырбеков
“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асырудың 2025 жылғы нәтижелері мен 2026 жылғы арналған жоспарлары туралы”
Баяндаған: М. Кеуенова
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, сондай-ақ қоғам сенімін нығайту бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.