
2026 жыл 5 наурыз күні, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – өкіл) Н.Абдезов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты.
🔹Кеңес отырысында 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты қозғалған тәртіптік іс, 1 мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары және 1 Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу фактілері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілерге қатысты талдау қорытындылары қаралды.
🔹Атап айтқанда, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Ибрагимовқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралып, Шымкент қаласының Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У. Ахметовтың есебі тындалды.
🔹Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған лауазымды тұлғаларға бұзушылықтарды алдын-алуға, заңнама талаптарын қатаң сақтауға, қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауға байланысты профилактикалық ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.