
2026 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
🔷Сараптамалық кеңес мүшесі Д. Киргизбаева Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелігіне кандидат ретінде ұсынылып, бір ауыздан мақұлданды.
🔷ҚАЖК-ның түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетел азаматтарына уақытша ЖСН беру мәселесі талқыланды.
🔷«ТМД-дағы денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясын өткізу аясында іс-шара ұйымдастыру туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК емханасының меңгерушісі Г. Нурбекова баяндама жасады.
🔷Отырыс барысында Сараптамалық кеңес мүшелері көтерген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатын болды.