
30.03.2026 жылы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты .
Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды:
🔹 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру шаралары бойынша- Білім басқармасы, Тұрғын үй басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ баяндама жасады
🔹 Кәмелетке толмағандардың алкоголь, темекі және есірткі өнімдерін қолдануы, сондай-ақ масаң күйде құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша
🔹 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша- Шымкент қаласының полиция департаменті баяндама жасады
Бұл бағыттағы жұмыстар – өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы үшін аса маңызды. Әрбір баланың құқығы қорғалуы тиіс. Ал құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік.