Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесіне барды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесіне барды.

2026 жылдың 18 наурыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесіне барды.
🔹 Бару барысында Өкіл қамаудағы азаматтардың құқықтарының сақталуына назар аударып, олардың ұстау жағдайларымен танысты. Күнделікті тамақпен қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі зерделенді.
🔹 Сонымен қатар, азаптаулардың және адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында қамаудағы азаматтармен сұхбаттасты.
🔹 Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.