ҚР АҚЖУ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ Н.АБДЕЗОВ ҚР ІІМ ҚАЖК №78 МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

ҚР АҚЖУ  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ Н.АБДЕЗОВ ҚР ІІМ ҚАЖК №78 МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

2026 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Н.Әбдезов ҚР ІІМ ҚАЖК №78 мекемесіне барып, Өкіл жанындағы сараптамалық кеңес мүшесі Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 Қалалық аурухана» МКК-ның емхана меңгерушісі Г.Нурбековамен №2 және осы аурухананың ҚАЖ мекемелеріне жауапты меңгеруші С.Айтжановпен бірлесе жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Жеке қабылдау барысында сотталғандар денсаулық жағдайына байланысты және медициналық қызмет алу құқықтарының сақталуына өтініштерін жеткізді.
Өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сотталғандарға №78 мекеменің медициналық бөлімшесіне жатқызып, тиісті медициналық көмек және тексеруден өтуге ықпал келтіретіндігін атап өтті.
Еліміздің басты құндылығы – адам және денсаулықты жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету қарастырылған.
Өкіл өз кезегінде көтерілген мәселелерді бақылауға алып, мән-жайлар толық зерделеніп, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныс жолданатынын хабарлады.