
ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Полиция департаменті ұйымдастырған «Қыз тағдыры – ел тағдыры» атты сталкингке қарсы ауқымды форумда баяндама жасады. Форумға Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Ержепов, департаменттің басқарма басшылары және қызметкерлері, қоғам ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ, мектеп, колледж студенттері қатысты.Іс-шара барысында қыз балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ерте неке, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам ұрлау және сталкингтің (қудалау, жүйелі мазалау) алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар сталкингтің психологиялық және құқықтық салдары, оны дер кезінде анықтау және құқықтық жауапкершілік шараларын қолдану тетіктері сөз болды.Қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын нығайту қажеттігін атап өтті. Қыз баланың тағдыры – ел болашағының айнасы. Сондықтан олардың құқығы мен ар-намысын қорғау – қоғам алдындағы маңызды міндет