ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов бірлескен жеке қабылдау өткізді

ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов бірлескен жеке қабылдау өткізді

2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов арызды қарау барысында, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының м.у.а. И.Глазебная және осы басқарманың дәрілік қамтамасыз ету бөлім басшысының м.у.а. Ж.Тлеубековамен бірлесе арызданушыны жедел жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Жеке қабылдау барысында арызданушы баласының «Эпилепсия» дертіне шалдыққанын, оған күнделікті ем алу үшін «Клоназепам» дәрі-дәрмегі қажет екенін, алайда аталған дәрі-дәрмегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №75 бұйрығында қарастырылмағандығын, одан бөлек, Шымкент қаласының дәріханаларында да сатылымда жоқ екенін жеткізді.
Өз кезегінде уәкілетті орган, денсаулық сақтау басқармасы «Клоназепам» дәрілік заттарын жеткізуші дистрибьютор «Медсервис+» компаниясы екенін, қазіргі уақытта аталған дәрінің не себепті Шымкент қаласына қамтамасыз етілмегені туралы анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлады.
Өкіл арызды бақылауға алып, арызданушының уәждерін жан-жақты қарау үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға сұраныс хат жолдады.