
2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов бірқатар сотталған азаматтардың өтінішін қарау аясында ҚР ІІМ ҚАЖК №53 мекемеге барып, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 Қалалық аурухана» МКК-ның бас дәрігері Б.Туркулов және осы аурухананың емхана меңгерушісі Г.Нурбековамен бірлесе жеке жедел қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Жеке қабылдау барысында сотталған азаматтар құзырлы органдарға келтірген арыздары 53 мекеме әкімшілігі тарапынан тіркелмей, тиесілі мекен жайларға жолданбағандары, сондай-ақ, денсаулықтарына байланысты медициналық қызмет көрсетуіне ықпал жасауына өтініштерін білдірді.
Өз кезегінде уәкілетті орган, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері арыз иелеріне қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қажетті әрі сапалы медициналық көмек көрсетілгенін жеткізді.
Арызда көрсетілген мән-жайлар толық зерделеніп, қабылдау нәтижесі мен уәкілетті органнан алынған жауаптарға сәйкес арызданушыларға тиісті жауаптар берілетін болады.