Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Сараптамалық кеңес мүшесімен №7 орта мектепте Әл-Фараби ауданына қарасты мектептердің ардаргерлер ұйымының төрағалары мен ардагерлер ұстаздарымен кездесу өткізді.

2026 жылғы 11 ақпанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Сараптамалық кеңес мүшесімен №7 орта мектепте Әл-Фараби ауданына қарасты мектептердің ардаргерлер ұйымының төрағалары мен ардагерлер ұстаздарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Ата Заңының маңызы мен қоғамдағы рөлі талқыланды.
Аталған басқосу аясында «Білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау: қауіпсіздік, инклюзия, қолжетімділік» тақырыбына ерекше назар аударылды. Балалардың сапалы білім алуға, қауіпсіз ортада тәрбиеленуге және тең мүмкіндіктерге ие болуына жағдай жасау – Конституциямен кепілдендірілген негізгі құқықтардың бірі екені атап өтілді.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті жағдай жасау және барлық бала үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу құқықтық мәдениетті арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жетілдіруге бағытталды.