
2026жылғы 11ақпанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысына қатысты.
Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер қаралды.
Сондай-ақ, партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау аясында атқарылған жұмыстар жөнінде Шымкент қаласының ішкі саясат басқарма басшысының есебі тыңдалды.
Кеңес барысында ашықтық пен есептілікті арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту,азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы шаралар талқыланды.
Адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту – ортақ міндет.
Бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі қоғам қалыптастыра аламыз.