
2026 жылғы 5 ақпан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтің қатысуымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Отырыс күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүру фактілерін анықтау мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарды тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты —
•жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
•құқық бұзушылықтардың алдын алу;
•ата-аналар мен кәсіпкерлік нысандары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Балалардың қауіпсіздігі — қоғамның ортақ жауапкершілігі!