Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасына барды

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасына барды

2026 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасының бастығы Е.Алтаевпен кездесті.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуын бағалау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай ауданына қарасты учаскелік полиция пункттеріне жүргізіліп жатқан мониторингтік сапар талқыланды.

Мониторингтің мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бағалау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының халықпен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының тиімділігін талдау болып табылады.

Кездесу нәтижесінде көрсетілген сапарларды ұйымдастыру және өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету, қажетті мәліметтермен, құжаттар мен материалдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.