
2026 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Н.Әбдезов ҚР ІІМ ҚАЖК №69 және №53 мекемелерінің басшылығымен, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖК-нің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкері Б. Арыстанбековпен бірлесіп, түскен арыздар негізінде қамаудағы азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Өкіл сотталған азаматтардың уәждерін тыңдап, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сотталған азаматтарға өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдалануға болатын құқықтық тәсілдер мен құралдарды түсіндірді.
Одан бөлек, қабылдау нәтижесінде сотталғандардың шағымдану және өтініш білдіру құқықтарының бұзылғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша тиісті құзырлы мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізілетін болады.