
2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мамандары "Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "№ 9 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-не барды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер – қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарға арналған қызметтер кешенін қамтамасыз етіп, олардың туындаған әлеуметтік мәселелерін шешуге, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең дәрежеде қатысуына жағдай жасауға бағытталған.
Бару кезінде орталықтағы тұрмыстық және медициналық жағдайлармен танысу жүргізілді. Мекемеде емдеу кабинеттері, еңбек терапиясы кешені, сенсорлық кабинет, психологиялық клуб, мәдени және бос уақытты тиімді өткізуге арналған акт залы жұмыс істейді. Сонымен қатар емдік дене шынықтыру және массаж бөлмелері бар.
Орталықта қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.