
2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мамандары Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдану күніне орай дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы мамандандырылған прокуратурасының аға прокуроры С. Ходжаев, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы және департаментке қарасты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н.Қ.Альжанова «Адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылы» тақырыбында баяндама оқыды.
Адам құқықтары күні – әрбір адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жолында бірлесе әрекет етудің маңыздылығын еске салатын күн. Бұл күн әлем елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, адам құқықтары саласындағы қазіргі сын-тегеуріндерді саралап, оларды еңсеру жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара аясында адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер, құқықтарды қалпына келтіру мен қорғаудың практикалық тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен бірге азаматтардың 40 іргелі құқығы бойынша нақты мысалдар келтіріліп, олардың мәні мен қорғалуы жөнінде толық ақпарат ұсынылды.