Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мамандары «Жасанды интеллект дәуіріндегі адам құқықтары: мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мамандары «Жасанды интеллект дәуіріндегі адам құқықтары: мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мамандары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің оқытушылары және «Заң» факультетінің студенттері «Жасанды интеллект дәуіріндегі адам құқықтары: мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. Іс-шара Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдану күніне орай ұйымдастырылды.

Семинар барысында:

• PhD, доцент Е.Т. Бекбосынов «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының мәні» бойынша баяндама жасады;
• оқытушы А. Әшірбекова «Жасанды интеллект дәуірінің жаңа шындығы» тақырыбында баяндама ұсынды;
• Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н.Қ. Альжанова «Адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізу» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар қатысушылары ұсынылған мәселелерді кеңінен талқылап, мазмұнды пікірталас жүргізді.

Қорытынды бөлімде жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі этикалық қолдану жолдары, сондай-ақ құқықтық саясат пен реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қарастырылып, өзекті бастамалар ортаға салынды.