
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығы» тақырыбында өткен XII Азаматтық форум жұмысына қатысты.
Форум аясында «Қазақстан: азаматтық қоғамды дамытудағы өңірлік көшбасшылық және жаһандық ынтымақтастық» атты халықаралық алаңның отырысы өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде Динара Таженова ұлттық құқық қорғау институтының ынтымақтастыққа ашық екенін және адам құқықтарын қорғауға, заңдылықты нығайту мен құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған кез келген бастамаларды қолдайтынын атап өтті.
Азаматтық форум 2003 жылдан бері өткізіліп келеді және азаматтық қоғам, билік пен бизнес арасындағы ең ірі диалог алаңы болып саналады.
Биылғы іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.