Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына қатысты

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына қатысты

2025 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына қатысты.
Отырыс күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы – Білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Дарыбаева баяндама жасады;
2. Әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік жұмыстардың профилактикасы туралы – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Өтебаева баяндады;
3. Кәмелетке толмағандардың отбасында тұру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға жәрдем көрсету шаралары туралы – Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Е. Ниязов баяндады;
4. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру туралы – Білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Дарыбаева баяндама жасады.
🔹 Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
🔹 Комиссия жұмысы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды одан әрі жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.