2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі, өкілдік жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті дөңгелек үстелін өткізді.
Отырыста мынадай маңызды мәселелер қаралды:
1.Өкілдіктің 8 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы;
2.ҚАЖ жүйесіндегі әйелдердің жазасын өтеу жағдайы және жабық мекемелерде жыныстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктері;
3.ҚАЖ жүйесіндегі медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері.
Талқылау барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ құқықтық тетіктерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қаралды.
Қорытындысында, Сараптамалық кеңес мүшелері көтерілген мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, нақты ұсыныстарды қолдады.
Бұл шешімдер алдағы уақытта құқықтық тетіктерді жетілдіруге және адам құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етпек.