ҚР ІІМ ҚАЖК №47 мекемеге бару

ҚР ІІМ ҚАЖК №47 мекемеге бару

25.04.2025 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі И.В. Тарасенко Павлодар облысы ІІМ ҚАЖД Екібастұз қаласындағы  №47 ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне барды.

Сотталғандардың құқықтарының сақталуына және олардың бұзылуының алдын алуға мониторинг жүргізілді, өтініштер беру үшін терминалдардың жұмысына мониторинг жүргізілді. Бару уақытында мекемеде 108 сотталғандар болды, оның ішінде 2 мүгідектігі бар тұлға. Мекеме басшылығы жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстармен таныстырды. Тексеру нәтижелері бойынша осы мекеменің жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар жіберілетін болады.