Жұмыс тобының отырысына қатысу

Жұмыс тобының отырысына қатысу

2025 жылғы 15 сәуірде Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Васильевич Тарасенко "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" ҚР ІІМ бастамасымен республикалық акцияны өткізу тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Акцияның мақсаты-қоғам назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару. Бұл акция ағымдағы жылдың 20 сәуірі мен 20 маусымы аралығында өтеді.

Отырысқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, акцияны өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.