ҚР Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне дәріс

ҚР Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне дәріс

Ағымдағы жылдың 18 наурызда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко ҚР Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне "Қызметтік міндеттерін атқару кезінде адам және азамат құқықтарының бұзылуына жол бермеу" тақырыбында дәріс өткізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ҚР Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

Дәріс барысында қызметтік әдеп ережелерін сақтау және жарғылық емес қатынастарға жол бермеу, азаптау және қатыгездіктің өзге де түрлері мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына соңғы өзгерістер туралы айтылды.