«Қазақстан Республикасы ҚПК 106-бабы тәртібімен шағымдарды қарау, бұлтартпау шаралары мен жекелеген тергеу әрекеттерін санкциялау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасы ҚПК 106-бабы тәртібімен шағымдарды қарау, бұлтартпау шаралары мен жекелеген тергеу әрекеттерін санкциялау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2023 жылғы 8 желтоқсанда Павлодар облыстық сотында дөңгелек үстел отырысы өткізілді, оған қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а., Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі, прокуратура және құқық қорғау органдары, адвокатураның өкілдері қатысты.

Бейнеконференция байланысы арқылы Павлодар қаласының шегінен тыс орналасқан облыстың судьялары да қатысты.

          Дөңгелек үстелдің қатысушылары дөңгелек үстелді өткізу қылмыстық істерді тергеудің және тергеу судьяларының өкілеттіктеріне жатқызылған материалдарды қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, процеске қатысушылардың құқықтары мен қылмыстық процестік заңының талаптарын қылмыстық істер бойынша жол берілетін бұзушылықтарға ден қоюдың кешенді шараларын қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі              И.Тарасенко қатысушыларға өз қызметінің негізгі қағидаттарын және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылған кезде адам құқықтарын қорғау саласындағы өкілеттіктерін жеткізді және дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциялық нормаларын қатаң сақтау қажеттілігіне аударды.

Жалпы, өткізілген іс-шара сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына және сот ісін жүргізудің осы сатысында Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына тиімді сот бақылауын қамтамасыз етуге бағытталған.