Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесу

Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесу

2026 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі өңірдің Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында одан әрі ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) мүшелерінің алдағы сайлауына дайындық барысы талқыланды. Сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Уәкілдің өкілі тарапынан ҰАТ-тың ақпараттық жүйесін тіркеуге жәрдем көрсетілді. Бұл өз кезегінде Ұлттық алдын алу тетік қызметін одан әрі жетілдіруге және оның қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.