Әр азаматтың өтініш жасау құқығы сақталады

Әр азаматтың өтініш жасау құқығы сақталады

Представитель Национального центра по правам человека Республики Казахстан по Павлодарской области провел личный прием осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы, а также лиц, содержащихся в следственном изоляторе.

Личный прием является одним из важных механизмов обеспечения права человека на обращение и позволяет гражданам непосредственно сообщить о проблемных вопросах, связанных с соблюдением их прав и законных интересов.

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Павлодар облысы бойынша өкілі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен, сондай-ақ тергеу изоляторында ұсталатын адамдармен жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау азаматтардың өтініш жасау құқығын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады және адам құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қатысты мәселелерді тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында өтініш иелеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдерінің өкілеттіктері, өтініштерді қарау тәртібі, сондай-ақ Уәкіл институтының құзыреті шегінде бұзылған құқықтарды қорғау мүмкіндіктері түсіндірілді.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне жүгінуге құқылы. Өтініштер жазбаша және электрондық түрде, пошта байланысы арқылы, интернет-ресурстар арқылы, сондай-ақ жеке қабылдау барысында қабылданады. Бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар үшін Уәкілге және оның өкілдеріне тікелей өтініш жолдау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Келіп түсетін өтініштерді талдау нәтижесі бүгінгі күні ең өзекті болып табылатын үш негізгі мәселені көрсетеді. Олардың қатарында сотталғандардың ұстау жағдайлары мен құқықтарының қамтамасыз етілуіне қатысты шағымдары, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдар, сондай-ақ сот актілерімен келіспеушілікке байланысты өтініштер бар.

Сонымен қатар азаматтарға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің соттардың, прокуратура органдарының немесе қылмыстық қудалау органдарының қызметін алмастырмайтыны түсіндіріледі. Дегенмен, заңнамада белгіленген өкілеттіктер шеңберінде Уәкіл мен оның өкілдері өтініштердің мән-жайын зерделеу мақсатында қажетті ақпаратты сұратуға, тексерулер жүргізуге, мекемелерге баруға және адам құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған ден қою актілерін енгізуге құқылы.

Азаматтардың, оның ішінде мәжбүрлеп ұстау орындарындағы адамдардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Тарасенко И.В. жеке қабылдауына жазылу 8(7182)373075 нөмірі бойынша