
Адам құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі ҚР ІІМ ҚАЖК №44 мекемеге барды. Қазіргі уақытта аталған мекеме ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен орташа қауіпсіздік мекемесіне қайта бейімделу жұмыстарын жүргізуде.
Сапар барысында мекеменің жаңа ғимаратына шолу жасалып, сотталғандарды одан әрі ұстау үшін жасалып жатқан жағдайлар зерделенді. Бүгінгі таңда мекеме толыққанды жұмысын бастамаған, онда сотталғандар ұсталмайды.
Мекеме әкімшілігі жүргізіліп жатқан жөндеу және ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталу сатысында.
Мониторинг барысында санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын сақтау және ғимараттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша мекемені одан әрі пайдалануға беру үшін дайындық жұмыстарын толық аяқтау қажеттігі атап өтілді.