
«Еркіндік рухы» Жастар комиссиясымен өзара іс-қимыл аясында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі Тарасенко И.В. өңір жастарының қатысуымен өткен кездесуге қатысты.
«Әртүрлілікте бірлік» тақырыбындағы іс-шараны Жастар комиссиясының өкілі Смаилов Р.Р. ашып, комиссияның қызметі туралы айтып, жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
Кездесу барысында Омбудсмен институтының өкілі құқық қорғау институтының негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалар аясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары туралы баяндады.
Іс-iара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар адам құқықтарын іске асыру және қорғау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениет мәселелерін нақты өмірлік жағдайлар мысалында талқылады.