
2026 жылғы 12 мамырда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко ҚР ІІМ Оқу орталығының курс тыңдаушыларына "құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі азаптауға және қатыгездікке қарсы іс-қимыл" тақырыбында семинар-тренинг өткізуге қатысты.
Омбудсмен өкілі іс-шараға қатысушыларды ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты қызметінің негізгі бағыттарымен, азаптау және қатыгездіктің өзге де түрлері мәселелері жөніндегі халықаралық және ұлттық заңнаманың негізгі нормаларымен таныстырды.
Практикалық бөлім стратегиялық ойынды қамтыды, онда топтағы тыңдаушылар істерді талдап, адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шешім жолдарын ұсынды.