
Ағымдағы жылдың 24 сәуірде Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Васильевич Тарасенко «Бережные руки» пансионатына барды.
Пансионат қарт адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға ақылы негізде әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бару кезінде қызмет алушылардың саны 33 адамды құрады. Ғимарат 10 бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
Қызмет алушылармен әңгімелесу барысында уәкілдің өкілі тұру жағдайлары туралы сұрады, омбудсмен институты қызметінің негізгі бағыттарын түсіндірді.
Мекеме әкімшілігімен проблемалық мәселелер талқыланып, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.