Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді.

23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында Павлодар облысы бойынша Уәкілдің өкілі Тарасенко И.В. Торайғыров университеті қолдауымен қылмыстық-атқару жүйесінің № 46 және № 63 мекемелеріне көркем әдебиет, сондай-ақ қазақ тілі мен тарихын оқытуға арналған оқу құралдарын табыстады.

ҚАЖ мекемелерінде кітап оқуға қолжетімділікті кеңейту мәдени құндылықтарды қалыптастыруға, сотталғандардың білім деңгейін арттыруға және олардың табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.