Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына қатысу

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына қатысу

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі И.В. Тарасенко облыс әкімінің орынбасары А.К. Маликованың төрағалығымен өткен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

Күн тәртібінде жастар арасында саналы ата-ана болу негіздерін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды және неке мен отбасы институтын насихаттау мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.