Өнірлік сараптама кенесінің отырысы

Өнірлік сараптама кенесінің отырысы

2026 жылғы 8 сәуірде Тарасенко Игорь Васильевичтің төрағалығымен Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Сараптама кеңесінің мүшелері Павлодар облысынан ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің құрамына енгізу үшін кандидатураларды қарады.

Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларды тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған,

Үйлестіру кеңесінің отырыстары алдын ала бару нәтижелерін талқылауға және адам құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдауға арналған алаң болып табылады. Уәкілді қоспағанда, Кеңес мүшелерін азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан жеке комиссия сайлайды.