Лекция на тему «Мое здоровье – мои права» для студентов Высшего многопрофильного инновационного колледжа

Лекция на тему «Мое здоровье – мои права» для студентов Высшего многопрофильного инновационного колледжа

2026 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Павлодар облысы бойынша өкілі Тарасенко И.В. мен Балалардың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Шакенева С.С. Жоғары көпсалалы инновациялық колледж студенттері үшін «Менің денсаулығым – менің құқығым» атты лекция өткізді.

Іс-шара «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Денсаулық және Адам құқықтары апталығы» атты Халықаралық акция аясында ұйымдастырылып, жастарды адам құқықтары мен денсаулық сақтау негіздері туралы хабардар етуге бағытталған. Лекция барысында студенттерге денсаулыққа құқықтары, оның ішінде медициналық көмекке қолжетімділік, аурулардың алдын алу және оқу мен өмір сүру жағдайларының қауіпсіздігі жайлы толық ақпарат берілді.

Арнайы назар құқықтарды қорғаудың практикалық мәселелеріне аударылды: студенттер өз құқықтарының бұзылуы жағдайында қайда жүгіну керектігі, өз мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолданыстағы құқықтық механизмдер туралы ақпарат алды.

Лекция соңында қатысушылар сұрақтар қойып, нақты жағдайларды талқылау мүмкіндігіне ие болды.