Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысының өкілі тергеу изоляторына барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысының  өкілі тергеу изоляторына барды

Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Тарасенко жұмыс сапарымен № 63 мекемесіне барып, ұстау жағдайларына мониторинг жүргізді.

Сапар барысында Өкіл тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды тамақтандыруды ұйымдастырумен, медициналық қамтамасыз етумен танысып, сондай-ақ өтініштерді беру терминалдары мен электрондық сауда алаңының жұмысын зерделеді.

Сапар қорытындысы бойынша Омбудсмен ұстау жағдайларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге және мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар берді.