
2026 жылғы 19 наурызда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Тарасенко И.В. Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік тобының жетекшісі Молчанов С.Н. бірлесіп Облыстық психикалық денсаулық орталығының және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін психоневрологиялық орталықтардың қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі омбудсмен институтының қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіріп, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелерін, оның ішінде азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жат немесе қадір-қасиетті қорлайтын өзге де қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелерін баяндады.
Заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударылды: қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 146-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік күшейтілгені атап өтілді, сондай-ақ азаптау фактілері бойынша істерді тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатқызылғаны айтылды.
ҰАТ өңірлік тобының жетекшісі қатысушыларды психиатриялық көмек көрсету саласындағы негізгі талаптармен халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес таныстырды. Сонымен қатар, сөз барысында 2025 жылдың қорытындылары бойынша ҰАТ қатысушылары жүргізген превентивтік барулар кезінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуын анықтаудың практикалық мысалдары келтірілді