
Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына барды.
Мекеме уақытша тұруды, тамақтануды және құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесуді қамтамасыз ете отырып, баспанасынан, жұмысынан айырылған немесе басқа дағдарыстық жағдайларға тап болған адамдарға көмек көрсетеді
Орталықтың қуаты - 50 төсек-орын. Барған кезде орталықта 34 қызмет алушы болды. Өкіл көрсетілетін қызметті алушылардың тұру жағдайларына, медициналық қамтамасыз етілуіне және тамақтануына мониторинг жүргізді.
Орталық Әкімшілігімен ынтымақтастықтың одан әрі бағыттары талқыланды.