
2026 жылғы 20 ақпанда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Екібастұз қаласы полиция басқармасының арнаулы қабылдау орында мониторинг жүргізді.
Арнаулы қабылдау орын -әкімшілік қамауға алынған және қамауға алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі.
Барған кезде арнайы қабылдау орында 29 адам болған. Арнайы қабылдау орында азаматтармен әңгімелесу барысында өкіл өтініштерді берудің негізгі құқықтары мен тәсілдерін түсіндірді.
Ғимарат 98 бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
Бару нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін ұсынымдар жолданды.