Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесу

Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінің қызметкерлерімен "Азаптауға және қатыгездіктің өзге де түрлеріне жол бермеу туралы" тақырыбында кездесу өткізді.

Уәкілдің өкілі өз сөзінде әрбір адамның азаптау мен қатыгез қарым-қатынастан қорғау құқығы ажырамас және абсолютті болып табылатынын, "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында" және Қазақстан қосылған бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілгенін атап өтті. 

Тергеудің объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін азаптау істері енді тек прокуратураның тергеуінде болады, бұл әділеттіліктің бейтараптығы мен әділдігіне кепілдік береді. 

Жаңа Конституцияның жобасында халықаралық стандарттар, ұлттық бірегейлік, одан әрі мемлекеттік құрылыстың прогрессивті идеялары ескеріледі. Адам құқықтары-ең жоғары құндылық, сондықтан жаңа Конституция жобасында адам орталықтылығы мен азаматтар құқықтарының басымдығы идеясы іргелі болып табылады.

Іс-шара соңында сотталғандардың құқықтарын қорғаудың, оның ішінде медициналық көмек көрсетудің, шетел азаматтарын құжаттандырудың проблемалық мәселелері талқыланды.