Успен ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы, учаскелік пункттеріне бару

Успен ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы, учаскелік пункттеріне бару

2026 жылғы 6 ақпанда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко облыстық полиция Департаментінің өкілімен бірге Успен ауданының уақытша ұстау изоляторына және полиция бөлімінің учаскелік пункттеріне барды. 

Азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құжаттардың талаптарына сәйкес азаматтарды ұстау шарттарының ең төменгі стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілді.

 Ауданда барлығы 7 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Сапар барысында учаскелік полиция инспекторларының жұмыс жағдайларына мониторинг жүргізіліп, тиісті ұсынымдар енгізілді.