
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасын орындау үшін өңірлік өкіл учаскелік полиция пункттеріне, өңірді уақытша ұстау изоляторларына мониторинг жүргізеді.
2026 жылғы 3 ақпанда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко облыстық полиция Департаментінің өкілімен бірге Ақсу қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына және тірек пункттеріне барды.
Өкіл уақытша ұстау изоляторында ұсталатын адамдарды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізді. ӘТҚ-дағы азаматтармен әңгімелесу барысында құқықтар мен заңды мүдделер бұзылған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымданған жағдайда өтініш беру тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақсу қаласының полиция бөліміне барлығы 16 учаскелік полиция пункті кіреді. Сапар барысында учаскелік полиция инспекторларының азаматтардың құқықтарын қорғау, бейнебақылау жүйесі саласындағы қызмет жағдайларына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдар жолданды.