
2026 жылғы 28 қаңтарда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В.Тарасенко облыс полиция департаментінің басшылығымен бірге Май ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына және тірек пункттеріне барды.
Сапар кезінде УҰИ ұсталатын адамдар болған жоқ.
Ауданда барлығы 8 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді, онда 9 полиция инспекторы қызмет атқарады. Сапар барысында азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы олардың қызмет жағдайларына, бейнебақылау жүйесіне мониторинг жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдар жолданды.