
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасын орындау үшін өңірлік өкілдер учаскелік полиция пункттеріне, уақытша ұстау изоляторларына, арнайы қабылдағыштар мен таратушы қабылдағыштарға мониторинг жүргізулуде.
2026 жылғы 27 қаңтарда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В.Тарасенко облыс полиция департаментінің басшылығымен бірге Баянауыл ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына және тірек пункттеріне барды.
Сапар барысында азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы олардың қызмет жағдайларына, бейнебақылау жүйесіне мониторинг жүргізілді. Ауданда барлығы 11 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді.
Мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдар жолданды.