Павлодар облысы Хосписінің жағдайына мониторинг

Павлодар облысы Хосписінің жағдайына мониторинг

2025 жылғы 25 қарашада Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко азаматтардың құқықтарының сақталуын мониторингтеу және олардың бұзылуының алдын алу мақсатында Павлодар облысының Хосписіне барды.

Сапар барысында омбудсмен өкілі медициналық қамтамасыз етумен, тамақтануды ұйымдастырумен және пациенттердің болу жағдайымен танысты.

Ғимарат 28 бейнебақылау камерасымен жабдықталған.

Бару нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберілетін болады.