Ұлттық құқық қорғау институтының басшысы XII Азаматтық форум жұмысына қатысты

Ұлттық құқық қорғау институтының басшысы XII Азаматтық форум жұмысына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығы» тақырыбында өткен XII Азаматтық форум жұмысына қатысты.

🔵Форум аясында «Қазақстан: азаматтық қоғамды дамытудағы өңірлік көшбасшылық және жаһандық ынтымақтастық» атты халықаралық алаңның отырысы өтті.

🔵Өзінің құттықтау сөзінде Динара Таженова ұлттық құқық қорғау институтының ынтымақтастыққа ашық екенін және адам құқықтарын қорғауға, заңдылықты нығайту мен құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған кез келген бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

🔵Азаматтық форум 2003 жылдан бері өткізіліп келеді және азаматтық қоғам, билік пен бизнес арасындағы ең ірі диалог алаңы болып саналады.

🔵Биылғы іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.