2025 жылғы 25 тамызда Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары А. К. Маликованың төрағалығымен " Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық" тақырыбында семинар өтті.
Спикерлер ретінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, облыстың атқарушы органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Күн тәртібінде жастардың саналы әке мен ана болу, адамгершілік-жыныстық тәрбие, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы негіздерін қалыптастыру туралы мәселелер қаралды.
Сіздің денсаулығыңызға, оның құрамдас бөлігі — репродуктивті денсаулығыңызға қамқорлық жасау әр адамның және бүкіл қоғамның мінез-құлқының нормасы мен мәдениетіне айналуы керек.